Удай қымбат. Ресей депутаты орыстардың Қазақстанға лап қоюын болжады

11:34, 19 шілде 2019

Мемлекеттік Дума депутаты Вера Ганзя бензиннің қымбаттауына байланысты ресейліктердің Қазақстанға лап қою ықтималдылығын болжады, деп хабарлайды REGNUM АА-ға сілтеме жасап Zakon.kz.

Ол Ресейдегі бензин бағасының өскелі жатқанын болжап, заң жобасын сынаған.

Мемлекеттік дума 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бензин мен дизель отынының бағасын тұрақтандыруға арналған өзгерісі бар заң жобасын қабылдады. Заңдағы жаңа тетік бағаны күштеп ұстаудағы мұнай өңдеуші зауытттарға келетін шығынының бір бөлігін жабуға бағытталған көрінеді.

Мемлекеттік дума депутаты бұл тетіктің халыққа тиімсіз екенін айтады

"Біртүрлі, күрделі механизм. Ішкі нарықтағы баға өсімінің басты себебі салық қой, яғни экспорт баж салығының төмендеуі әрі, керісінше импорт баж салығының қымбаттауы емес пе? Мұндайда акциздер арзандауы керек болған. Бірақ бізде, керісінше. Қымбаттап кетті. Үкімет үнемі акциздерді қымбаттатып отырады (1 қаңтардан бастап бензиннің акцизі 10,7%, дизель отынынікі 12,7%-ке өсті). Иә, Үкіметтің жеңіл жолмен келетін ақшадан бас тартқысы жоқ.

Одан да мұнайшылармен келісе салған әлдеқайда тиімді болар еді. Не болса да бензин бағасы өскеннің үстіне өсіп жатыр. Мұнайлы мемлекетте. Бұлай бола берсе бүкіл Ресей Қазақстанға жөңкіп, бензин сатып алатын болады", - деп жазды Дума депутаты Facebook-тегі парақшасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!