ІІМ: «Автобус» іс-шарасы кезінде 22 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан аумағында жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.
ІІМ мәліметінше, рейд барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 22 мыңнан астам дерегі тіркелген. Оның ішінде 6 мыңға жуығы жолаушылар тасымалы саласына қатысты құқық бұзушылықтар болған.
Тексеру кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік басқарудың екі фактісі, мас күйде көлік жүргізудің төрт дерегі және жүргізуші куәлігінен айырылған үш азаматтың көлік тізгіндеуі анықталды.
Сондай-ақ қалааралық және халықаралық бағыттарда қатынайтын автобустарды заңсыз орындықтармен жабдықтаудың 63 фактісі тіркелген. Нәтижесінде 61 автобус арнайы айып тұрағына қойылып, 102 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.
Бұдан бөлек, алты жүргізушіге қатысты көлікті мас күйде басқарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ішкі істер министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығы ең жоғары құндылық екенін атап өтіп, барлық жүргізушіні, әсіресе жолаушылар тасымалымен айналысатын азаматтарды жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:23, 25 маусым 2026
Қазақстанда Қытайдан бензинді баж салығынсыз импорттауға рұқсат берілуі мүмкін
-
12:18, 25 маусым 2026
МҚҰ жабылса, микрокредитті төлемеуге бола ма: қазақстандықтарға маңызды түсіндірме берілді
-
12:05, 25 маусым 2026
Алматыда сәбиін құшағына алып курьер болып жұмыс істеген келіншектің тағдыры белгілі болды
-
11:53, 25 маусым 2026
Алматыда заңсыз салынған тағы бір жазғы кафе сүрілді
-
11:46, 25 маусым 2026
Сәтбаевта қаржылық қауіпсіздікке арналған форум өтті





