ҰБТ-ның 2024 оқу жылына арналған шекті балдары жарияланды
© Сурет: Instagram/testcenterkz
Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлерге үндеу жариялады. Орталық екі пән бойынша шекті балл төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 қыркүйектегі жарияланған ақпаратта айтылғандай, "Математикалық сауаттылық" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша шекті балл үш балға дейін төмендетілді. Бұрын бұл пәндер 5 баллдан кем болмауы керек еді.
Сарапшылар тестілеу форматы өзгеріссіз қалатынын түсіндірді: 5 пән (3 міндетті + 2 негізгі).
- "Математикалық сауаттылық" – 10 тапсырма, 10 ұпай, шекті балл – 3.
- "Оқу сауаттылығы" – 10 тапсырма, 10 ұпай, шекті балл – 3.
- "Қазақстан тарихы" – 20 тапсырма, 20 ұпай, шекті балл – 5.
- 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
- 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
Айта кетейік, 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелеріне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Оның айтуынша, ҰБТ-2024-те тест тапсырмаларының саны өзгеріп, бейіндік пәндер бойынша тапсырмалардың жаңа түрі қосылып, тестілеу уақыты қысқарады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 1 сәуір 2026
Қызылордада құрғақ шөп өртеніп, оттың жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі туындаған
-
22:18, 1 сәуір 2026
ҚМДБ қоғамда дау тудырған уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады
-
21:22, 1 сәуір 2026
Алматыда заманауи қазақ романдарының авторлары марапатталды
-
21:10, 1 сәуір 2026
«Көктайғақ, бұршақ, тұман». Бейсенбіде еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:48, 1 сәуір 2026
Көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды





