Қазақстан мұралары ЮНЕСКО тізімінде

13:18, 1 сәуір 2026

© Фото: akorda.kz

ЮНЕСКО-ның "Әлем жады" бағдарламасы аясында адамзат үшін аса құнды құжаттық мұраларды сақтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл бастама – тарихи қолжазбалар, сирек кітаптар мен архивтік деректерді жоғалып кетуден қорғап, оларды келер ұрпаққа жеткізуді көздейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Бағдарлама аясында Қазақстаннан бірқатар тарихи мұралар осы тізімге еніп, халықаралық деңгейде мойындалған.

Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауидің қолжазбалары мен оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани еңбектері.

Сондай-ақ "Хандар шежіресі" атты тарихи жазба бар. Мамандардың айтуынша, бұл ұлттық мұраны сақтап қана қоймай, оны жаһандық деңгейде насихаттауға мүмкіндік беріп отыр.

Біздің Ұлы Жібек жолымыз, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен "Тамғалы" петроглифтері бүкіл әлемдік тізімде бар. Алайда құжатта әлем бойынша 1 248, ал бізден 6-ы нысан ғана бар. Бұл еліміз үшін тым төмен көрсеткіш. Сондықтан Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи мұраларды танытуға бағытталған бұл бастамасы қолдау тапқанына қуаныштымын. Дмитрий Воякин, Ұлттық бүкіләлемдік мұра комитетінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!