ТЖМ Қазақстанның таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі жоғары екенін ескертті
© Сурет: ҚР ТЖМ
Қазақстанның таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі ұлғайып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мониторинг және жүргізілген тексерістерге сүйене отырып, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мамандары таулы аймақтарда қар қалыңдығының жиналу процесі жалғасып жатқанын анықтады.
"Ауа райының тұрақсыздығына байланысты кейбір учаскелерде қардың өздігінен түсу қаупі сақталуда. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда және Шығыс Қазақстан облысының тауларында қар көшкіні қаупі сақталуда. Қалың қар басқан тік таулы беткейлерге шықпаған абзал, себебі бұл қар көшкінінің жүруіне себеп болуы мүмкін", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері еліміздің таулы аймақтарында төрт рет қардың өздігінен түсуі тіркелді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тауларында жалпы көлемі 4 206 текше метрден асатын 17 профилактикалық қар көшкінін түсіру жұмысы жүргізілді.
ТЖМ көшкін туралы ескерту жарияланған кезеңде таулы аймақтарға бармауға, тауға шығу алдында ауа райы болжамымен танысуға және алдын ала маршрутты жоспарлауға, дайындалмаған жерлерде қозғалыс жасамауға, белгіленген жолдарды ұстануға, қар көшкіні қауіпті учаскелер туралы соңғы ақпаратты алу мен қауіпті беткейлерден аулақ болуға кеңес береді.
"Көп қар жауған жағдайда тауға шығуды қар қалыңдығы тұрақталғанға дейін 2–3 күнге шегеру ұсынылады", делінген ескертуде.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:58, 31 қаңтар 2026
Қатерлі Нипах вирусы: Жапония вакцина әзірлеуге кірісті
-
11:30, 31 қаңтар 2026
Әрбір балаға бастапқы капитал: Мемлекет басшысының бастамасы іске асырылуда
-
11:25, 31 қаңтар 2026
«Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр балаға қанша ақша аударылды
-
11:25, 31 қаңтар 2026
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әр балаға 130,71 доллардан есептелді
-
10:45, 31 қаңтар 2026
Australian Open-2026: Нұрлан Заңғарұлы екінші мәрте финалға шыға алмай қалды





