Түркиядағы оқу-жаттығуда қазақстандық десантшы Қазақстан туын әуеде желбіретті
© Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық десантшылар Түркияда өтіп жатқан EFES-2024 көпұлтты командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының сапында Алматы, Қонаев, Жетісу гарнизондарының құрамалары мен әскери бөлімдерінің үздік әскери қызметшілері бар.
EFES-2024 оқу-жаттығулары тәжірибе алмасу, қатысушы елдер әскери қызметшілерінің бірлескен қызметін ұйымдастыру, олардың кәсібилігі мен штаб офицерлерінің картада шешім қабылдау дағдыларын арттыру мақсатында өткізіледі.
Қазақстандық десантшылар қатысатын практикалық іс-шаралар Измир қаласының маңындағы "Доғанбей", "Картал" полигондары мен "Қырғыз" жаттығу алаңында өтіп жатыр.
Маневрлер барысында қазақстандық парашютшілер тобы Түркия Республикасының INTUDER және француздық LEGEND-M парашют жүйелерімен танысты, сондай-ақ Қазақстанда пайдаланылатын INSIDER-300 SF парашют жүйесін көпұлтты контингентке ұсынды.
Атыс позициясының теориялық негіздерін және REMINGTON, Mc MILAN TAC-50, M-110 мергендік мылтықтарының тактикалық және техникалық сипаттамаларын зерделегеннен кейін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мергендік жұбы 300 және 500 метр қашықтықтағы нысанаға дәл тигізе білді.
Шабуылдау тобының міндеттеріне 5-7 метр биіктіктен фал бойынша десант түсіру және көпұлтты контингент құрамында террористік топты жоюға қатысу кіреді.
Күндізгі және түнгі уақытта авиа көздеушілер құрамындағы тактикалық топ нысанаға лазерлік бағыттау бойынша күндізгі және түнгі міндеттерді пысықтайды. Ал санитар нұсқаушылар теңіз десантын түсіру жөніндегі іс-шараларға қатысады.
Оқу-жаттығу басшылығы Қазақстан туымен парашютпен секірген 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы 9-ротасының сержанты, 2-сыныпты сержант Серік Ноғаевты ерекше атап өтті. Ол 3200 метр биіктіктен желдің екпіні секундына 8 метрден асатын күрделі метеорологиялық жағдайда секірген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





