Түркияда блогерлерге салық салынатын болды

13:24, 30 қыркүйек 2024

© Фото: pexels

Түркияда әлеуметтік желі арқылы ақша табатындарға арнайы салық салынатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдің Қаржы министрлігі қолданыстағы заңға енген өзгертулерге сай интернетте тауар сататындар мен түрлі контент арқылы ақша табатындардың арнайы мемлекеттік куәлік алып, банктен есепшот ашулары қажеттігін айтты.

Сол есепшотқа түскен ақшадан мемлекет 15 пайыз ұстап отырады, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл заң сондай-ақ, мобильді қосымша жасап, сол арқылы пайда табатындарға да қатысты болмақ. Дегенмен әзірге заң міндетті емес, тек ерікті түрде салық төлеуге итермелейді.

Ал осы ереже бойынша салық төлейтіндер қосымша құн салығынан босатылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!