Израильдің шабуылынан Ливанда 105 адам қаза тапты
© Сурет: wikimedia
Ливанда Израильдің шабуылынан соңғы тәулікте 105 адам қаза тапқан.
350-ден астам тұрғын жараланды. Ресми ақпаратқа сай, соңғы екі аптада атыс-жарылыстан 1 мыңнан астам ливандық мерт болған. 6 мың адам жараланды.
Бұған қоса бір миллиондай адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Соңғы екі аптада "Хезболланың" бірнеше жоғары шенді мүшесі де қаза тапты, деп жазады qazaqstan.tv.
Сенбіде қозғалыс лидері Хасан Насралла Бейрутте оққа ұшқан. Израиль әскері әуе шабуылдарын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Олардың көздегені – "Хезболланың" зымыранмен шабуылдарынан үйлерін тастап кеткен Израиль азаматтарын елдің солтүстігіне қайтару.
Бұған қоса Израиль армиясы жексенбіде Йемендегі хуситтердің бекіністеріне де оқ жаудырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:49, 30 қыркүйек 2024
Қаржылық мониторингке жататын күдікті операцияларды айқындаушы белгілер өзгерді
-
17:49, 30 қыркүйек 2024
Қаржылық мониторингке жататын күдікті операциялардың белгілері өзгерді
-
17:34, 30 қыркүйек 2024
Қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылады
-
17:26, 30 қыркүйек 2024
Мемлекет басшысы «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда сөз сөйледі
-
17:09, 30 қыркүйек 2024
«Майқайыңалтын» АҚ басшылығындағылар үйқамаққа алу жөніндегі қаулыға наразы