Түркістанда жоғалып кеткен екі оқушы қыз көрші ауылдан табылды
Түлкібастық полицейлер жоғалған ағайынды екі қызды көрші ауылдан тапты, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, жалғызбасты ана арызданады. Ол өз арызында 13 және 11 жастағы қыздарының сағат күндізгі 12:30-дар шамасында сабаққа шығып кетіп, қайта оралмағынын көрсетті. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тіркелді.
Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері тез арада іске кірісті. Көрген-білгендер куәгерлерден сұрастырды. Жақын аймақтарды мұқият қарап шықты. Қыздарды табу мақсатында қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүргізді. Жағдай адам өміріне оның ішінде кәмелет жасына толмаған 2 қызға қатысты болғандықтан полицейлер қарап қалмады, шұғыл әрекет етті. Жедел-іздестіру жұмыстарына мектеп мұғалімдері мен еріктілерде тартылды.
Жан-жақты, күні-түні іздестіру жұмыстары нәтижесінде тәртіп сақшылары, кәмелет жасына толмаған қыздарды 25-30 шақырым қашықтықта орналасқан көрші ауылдың көшелерінің бірінде жүрген жерінен тауып, анасына аман-есен қайтарды. Тергеу барысында 13 және 11 жасар ағайынды қыздардың осыдан бір жыл бұрын көшіп келген ауылындағы үйлеріне жаяу жетіп, сондағы достарына барғаны, анасының азық-түлік ала кел деп берген қаржысын жаратып, ойын қуып жүргендері белгілі болды.
Өз кезегінде жалғызбасты ана полицейлерге шынайы ризашылығын білдірді.
"Сабақтан кейін келмегесін қыздарымды қатты уайымдап, полицейлерден көмек сұрадым. Ал, полицейлер оларды дін-аман күйінде тауып, әкелді. Рахмет. Ең бастысы аманшылық болсын!», деп алғыс айтты жоғалып-табылған қыздардың анасы.
Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға ұл-қыздарыңызды үнемі бақылауда ұстап, араласатын ортасын жақсы білуге тырысыңыздар деп кеңес береді.Кәмелет жасына толмаған балаларыңызға бос жүрмеуді, кешкі уақытта көшеге, ойын-сауық орындарына ата- анасыз шықпауды ескертіп отыруға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады