Иранда «ақырзаманның бір белгісі» көрінді - бейнежазба
© Сурет: Х/ Joe Truzman
16 желтоқсанда Таяу Шығыста ерекше нөсер жауын жауды. Әлеуметтік желіде бұл құбылыс "қанды жаңбыр" деп аталып жүр, тіпті кейбір желі қолданушылары мұның ақырзаманның бір белгісі екенін айтуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Daily Mail басылымының жазуынша, мұндай табиғи құбылыстар қасиетті кітапта ақырзаманның белгілері ретінде аталған.
Мәселен, Иоанн Богословтың "Аян" кітабында судың қанға айналуы апокалипстік оқиғалардың нышаны ретінде сипатталады. Атап айтқанда, кітаптың 16-тарауында өзендер мен су көздерінің қан түстес болып өзгеретіні баяндалады.
Мұндай құбылыс Иранға тиесілі Ормуз аралында жауған нөсер жаңбырдан кейін тіркелді. Соның салдарынан жағалаудың бір бөлігі қанық қызыл түске боялған. Бұл ерекше көрініс Парсы шығанағындағы "Қызыл жағажай" аумағында байқалған.
The scene in Hormuz Island, off Iran's coast, following heavy rainfall earlier today. pic.twitter.com/Wu6zxDUIkm
— Joe Truzman (@JoeTruzman) December 16, 2025
Алайда France24 телеарнасы бұл құбылыстың табиғи түсіндірмесі бар екенін және биологиялық факторлармен байланысты еместігін мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, су мен құмның қызыл түске боялуы арал топырағында темір оксидінің көп болуынан туындайды. Қатты жауын кезінде минерал бөлшектері өзенге шайылып, сағаны қоңыр-қызыл, қанды реңкке бояйды.
Бұға дейін Индонезияда он жасар баланы сүйреп әкеткен қолтырауынға аңшылық жарияланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:12, 2 сәуір 2026
Павлодарда 15 метр биіктіктен құлаған кран машинисі ауыр жарақат алды
-
18:07, 2 сәуір 2026
Қызылордада әлеуметтік желі арқылы вейп сатқан алаяқ ұсталды
-
17:50, 2 сәуір 2026
Қазақстанда қайтадан -5°C-қа дейін суық болады
-
17:27, 2 сәуір 2026
600-мыңыншы ақтөбелікті қала әкімі Азамат Бекет құттықтады
-
17:24, 2 сәуір 2026
Қазақстанның жас спортшылары Түркиядағы волейбол турнирінде топ жарды





