Түркістанда балмұздақ шығаратын кәсіпорын өнімін екі есе ұлғайтты

10:58, 11 қыркүйек 2017

Тәтті өнімге Алматы, Қызылорда, Атырау мен Ақтөбе облыстарынан тапсырыс бар.

Балмұздақтың 30 түрін шығаратын зауытта 50 адам жұмыс істейді. Қазір мұнда жаңа цехтың құрылысы жүріп жатыр. Тәулігіне 25 тонна өнім шығаратын зауыт енді тауарларын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

Нұрәлі Оспанов, балмұздақ кәсіпорын директоры:

-Екі жылдың ішінде біз кәсіпорынды 2 есеге үлкейттік. Тағы бір үлкен цех құрып жатырмыз. Қытайдан жабдықтар алдырамыз ба деген ойымыз бар. Келесі жылы тағы Қазақстанның 3-4 облысына таратамыз. Ресейге енді шығамыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!