Түркістан облысында жұрттан «газдың» ақшасын жинаған ер адам алаяқ болып шықты
Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындардан тұтынған газдың ақшасын жинап алып, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, Сарыағаш АПБ-не жеке меншік мекемеден қатынас хаты келіп түседі. Онда мекемеге тиесілі 2 миллион теңгеге жуық ақшаны белгісіз адам алаяқтық жолмен иеленіп алғаны көрсетілген. Яғни мекеме, тұрғындардан 2019 жылдың ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларында пайдаланған табиғи газ өнімдерінің төлемақыларын төлеуді талап еткенде, олар төлеп қойғандарын жеткізген. Алайда мекемеге ешқандай ақша түспеген.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Орын алған алаяқтық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде мекеменің қызметкері анықталып, ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер аталмыш күдіктіні аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында анықталғандай мекемеде бақылаушы болып қызмет атқаратын ер адам өзінің арам ойын іске асырған. Тұрғындардың сеніміне кіріп, төлем алу міндетіне жатпаса да үйді-үй аралап, мекемеге тиесілі қаражатты жинап алған. Осылайша күдікті пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жібергені белгілі болды.
Күдіктінің бас шарасы “қолхатта”. Қазіргі таңда ұсталған жігітке қатысты тергеу амалдары жүруде. Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына кез келген жанға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ұсынады. Таныс емес адамдарға мүліктеріңізді, жеке мәліметтеріңізді, банк шоттарының кодтарын және ақшаларыңызды, басқа да ақпаратты бермеңіз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға, “102” телефоны арқылы хабарласыңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады