Түркістан облысында үш рет ұрлыққа түскен күдікті қылмыс үстінде ұсталды

11:59, 30 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ұрлығына қатысы бар жас жігітті қолға түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті таңға жуық уақытта пластик терезені ашу арқылы азық-түлік дүкеніне кіріп, кассада тұрған 100 мың теңге ақшаны алу барысында ұсталған.

Ұрлық фактісі дүкендегі камераға түскен.

Күдіктінің аталған оқиғаға дейін осы дүкенге 3 рет ұрлық жасағаны белгілі болды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!