–20°С-қа дейінгі сары аяз бен жылымық: Астана, Алматы және Шымкентте алдағы күндері ауа райы қандай болады
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Қазгидромет" РМК мамандары 4, 5 және 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сүйенсек, Астанада жауын-шашын түсіп, аяз –20°С-қа дейін күшейеді, Алматыда қар мен жаңбыр жауып, ауа температурасы +10°С шамасында болады, ал Шымкентте жаңбыр жауып, күн +17°С-қа дейін жылынады.
Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы
- 4 ақпан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан, түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –18…–20°С, күндіз –3…–5°С.
- 5 ақпан: Ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Жел – оңтүстіктен 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –4…–6°С, күндіз –1…+1°С.
- 6 ақпан: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Жел – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы –1…+1°С шамасында
Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы
- 4 ақпан: Ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Жел – солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –1…+1°С, күндіз +6…+8°С.
- 5 ақпан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел – шығыстан соғады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°С, күндіз +8…+10°С.
- 6 ақпан: Ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел – батыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +6…+8°С.
Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы
- 4 ақпан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +15…+17°С.
- 5 ақпан: Ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел – оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +15…+17°С.
- 6 ақпан: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Жел – оңтүстік-батыстан, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +2…+4°С.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:33, 3 ақпан 2026
Тоқаев Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды
-
18:27, 3 ақпан 2026
WTA Рыбакинаның AusOpen-2026 турниріндегі тағы бір жоғары жетістігін мойындады
-
18:11, 3 ақпан 2026
Сәтбаевта алаяқтар интернет арқылы қарияның 1,8 млн теңгесін жымқырған
-
17:59, 3 ақпан 2026
Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды
-
17:40, 3 ақпан 2026
Қазақстанда былтыр 43 мыңнан астамнан қатерлі ісік табылды





