Алматының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы бірқатар нысанды аралап, инженерлік желілер құрылысының барысымен, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы және аумақты кешенді көріктендіру жобасының жүзеге асуымен танысты.
Қала әкімі Ақан Сері — Шолохов — Сейфуллин көшелері аумағындағы су құбыры мен кәріз желілерінің құрылыс қарқынын тексерді. Жоба аясында 18,8 шақырым су құбыры және 27,9 шақырым кәріз желісі тартылып, 4 мыңнан астам тұрғын қамтылады. Қазіргі таңда нысан 60% дайын. Жұмыс биыл қыркүйекте толық аяқталмақ.
Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен мердігер ұйымға орындалып жатқан жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстауды, құрылыс кезеңінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды, сондай-ақ жоба мерзімінде аяқталып, асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде жүргізуді тапсырды.
Одан кейін қала басшысы Жас Қанат шағынауданындағы Даму және шығармашылық орталығының құрылыс алаңына барды. Аумағы 14 мың шаршы метрлік 1 350 балаға арналған ғимаратта бассейн, зертханалық бөлмелер, планетарий және робототехникадан бейнелеу өнеріне дейінгі бағыттар бойынша 42 оқу кабинеті болады. Нысан білім алуға, шығармашылыққа және бос уақытты тиімді өткізуге арналған ашық әрі көпфункционалды кеңістік құруға бағытталған. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Алматы әкімі шағынауданды көріктендіру жайына да ерекше назар аударды. Ол қоғамдық кеңістіктерді реттеумен қатар магистральдық көшелер бойындағы ғимараттардың қасбетін жаңарту, жарық бағаналарын ретке келтіру және көгалдандыру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:17, 3 ақпан 2026
ҚР Ұлттық банкі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына коллекциялық монета шығарады
-
10:04, 3 ақпан 2026
Қазақстанның табиғи байлықтары заңсыз шетелге шығарылған: мемлекет 2 млрд теңгеден астам шығынға ұшырады
-
09:56, 3 ақпан 2026
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық орта өкілін ұстағанын хабарлады
-
09:46, 3 ақпан 2026
Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді
-
09:38, 3 ақпан 2026
WhatsApp қоңырауынан кейін қазақстандық 1,8 млн теңгесінен айырылды





