Түркістан облысында өткен жылғы әскерге шақыру қорытындысы шығарылды

16:16, 14 қаңтар 2021

2020 жылдың желтоқсан айының соңында Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында әскерге шақыру науқаны аяқтады. Науқан барысында Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға аймақтан 4 мыңнан астам адам жіберіліпті. Осыған байланысты қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев жыл қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Mail.KZ.

Қорытынды шығару кезінде өткен жылғы шақыру жоспарының жүз пайыз орындалуы, сондай-ақ шақырылушылар мен әскери қызметшілердің коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыруын болдырмауға мүмкіндік беретін санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың өз уақытылы жүргізілгендігі атап өтілді.

Сонымен қатар, жоғары білімді әскерге шақырылушылар мен облыста жұмыс істейтін әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында оқу мен шыңдаудан өткендердің саны артқаны атап өтілді. Атап айтқанда, тек 2020 жылдың күзгі науқанында жоғары білімі бар 180-ге жуық азамат шақырылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2021 жылы шақыруды сапалы ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар берді. Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін үздік басқармалар мен бөлімдер, жекелеген әскери қызметшілер мен қызметшілер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!