Түркістан облысында мемлекеттен тегін үй алып беремін деп сегіз адамды алдаған әйел ұсталды

© Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында сегіз тұрғынды алдап, 5 млн теңге шығын келтірген күдікті құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысының полиция департаментінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі әйелден шағым түскен. Арызданушылардың айтуынша, таныс әйел мемлекеттен тегін тұрғын үй алып беремін деп сенімге кіріп, екеуінен 400 мың теңге ақша алған. Алайда арада біршама уақыт өтсе де, уәдесін орындамаған, ақшаны қайтармаған.
"Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар тұрғын анықталды. Ол жұмыссыз, бұрын осындай алаяқтық қылмысы үшін сотты болған әйел болып шықты", – делінген хабарламада.
Күдікті әйел тұрғындарды үй алып беремін деп сендіріп, ақшаны жаратып жіберген.
Сондай-ақ сарыағаштық полицейлер күдікті әйелдің жалпы сегіз тұрғынды алдап, ақша алғанын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 5 миллион теңге.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:55, 3 қазан 2023
Ақмола облысында ата-анасы қан құйғызудан бас тартқан баласынан айырылды
-
01:55, 3 қазан 2023
Ақмола облысында ата-анасы қан құйғызудан бас тартқан бөбек қайтыс болды
-
01:15, 3 қазан 2023
Жетісу облысында кейінгі екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды
-
00:31, 3 қазан 2023
Қостанай облысында есірткі таратқан екі студент қыз 10 жылға сотталды
-
00:03, 3 қазан 2023
Шымкентте жас жігіт скутерді ұрлап, артынша онымен шұңқырға түсіп кеткен