Түркістан облысында қабан аулаған браконьрдің жолы кесілді

14:45, 16 қаңтар 2019

Жуырда ТО ПД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы Арыс ауданындағы рейдтік іс-шарасы барысында жабайы аңдарды заңсыз аулаған браконьерді тұтқындады. Тінту барысында күдікті тізгіндеген көліктен оқ-дәрісімен қоса аң аулау мылтығын, пышақ және 30 келіге жуық жабайы қабан етінің бары анықталып, тәркіленді. Істің жай-жапсарын анықтау үшін ұсталған азамат полиция бөліміне жеткізілген. Бұл туралы zakon.kz Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған іс Арыс АПБ ҚР ҚК 337-бабына сәйкес (Заңсыз аңшылық) СДТБТ тіркелді. Қазіргі уақытта браконьерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан өзге жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары аясында 4 экологиялық қылмыс және 40 әкімшілік құқықбұзушылық, оның 10-ы аң аулау және жануарлар дүниесін пайдалану ережесінің талабын бұзу, 17 балық аулау ережесін бұзу және 16 басқа да табиғат қорғау заңнамасы аясындағы құқық бұзушылықтарды анықтады. Заң бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдың жалпы мөлшері 250 мың тенгені құрады.

Браконьерлік деректерін анықтау және болдырмау үшін Жергілікті полиция қызметінің маманадары жедел-алдын алу іс-шараларын тұрақты түрде жүргізіп тұрады. Шараның басты мақсаты браконьерлік деректерін, заңсыз балық аулау және ағаштар мен өсімдіктерді кесу, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!