Алматы мен облысты байланыстыратын қос автобустың жүріс кестесіне өзгеріс енгізілді
© Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы мен Алматы облысын байланыстыратын №248 және 124 автобустардың жүріс кестесі алдағы сәрсенбіден бастап өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 26 мамырда Алматы көлік холдингі хабарлады:
"27 мамырдан бастап №248 бағыттың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі. Алматы – Бішкек тас жолы бойымен қозғалу кезінде бағыт "Қасымбек ауылы" бағытына солтүстікке қарай бұрылып, елдімекенді айналып өтіп, әрі қарай соңғы аялдама — "Шолаққарғалы ауылы" бағыты бойынша қозғалысын жалғастырады".
Өз кезегінде Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мынаны нақтылайды:
"Басқарма бекіткен 2024 жылғы жоспарына сәйкес, Алматы-1 — Шамалған станциясы — Ұзынағаш (Сорбұлақ трактісі) автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, 27 мамырдан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №124 бағыттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі".
№124 автобус енді мына бағытта қатынайды:
- солтүстік бағытта: Бұрындай тас жолы көшесі – "Әубәкіров көшесі" соңғы аялдамасына дейін.
- кері бағытта: "Әубәкіров көшесі" соңғы аялдамасынан бастап – Бұрындай тас жолы көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
Бұған дейін Астанада Кенесары көшесі ішінара жабылатынын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:27, 26 мамыр 2026
Құрбан айтта еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ түсіп, күн салқындайтыны болжанады
-
21:20, 26 мамыр 2026
Қазақстан күрестен жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды
-
20:13, 26 мамыр 2026
Президент тапсырмасы: Шымкентте ерекше жандарға арналған орталық салынуда
-
19:55, 26 мамыр 2026
Тоқаев Грузия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:40, 26 мамыр 2026
Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы: Жамбыл облысында ірі зауыт іске қосылды





