Президент тапсырмасы: Шымкентте ерекше жандарға арналған орталық салынуда

20:13, 26 мамыр 2026

© Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ерекше күтімді қажет ететін адамдарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы ауқымды жобалар жүйелі жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынып жатқан 150 орындық заманауи оңалту орталығы.

2024 жылдың желтоқсан айында басталған құрылыс бүгінде қарқынды жүргізілуде. Бозарық шағынауданында орналасқан кешеннің жалпы аумағы 5,3 гектарды құрайды. Жоба 5 блоктан тұрады және халықаралық талаптарға сай жабдықталмақ, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік нысан, Шымкент, Президент тапсырмасы, оңалту орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 20:13

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Орталықта І-ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл қызметтер осы санаттағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, олардың қоғамға бейімделуіне және әлеуметтік қолдауды жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Әлеуметтік нысан, Шымкент, Президент тапсырмасы, оңалту орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 20:13

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Кешен аумағында спорт залы, емдік-сауықтыру бассейні, акт залы, үш қабатты оңалту корпусы, кең асхана, екі қабатты стационар және қосымша техникалық нысандар қарастырылған.

Қазіргі таңда құрылыстың 60 пайызы аяқталды. Барлық жұмыс тиісті талаптар мен сапа стандарттарына сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылысында 262 жұмысшы еңбек етеді.

Әлеуметтік нысан, Шымкент, Президент тапсырмасы, оңалту орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 20:13

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жобаны 2026 жылдың желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл бастама Шымкенттің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мегаполис ретіндегі әлеуетін арттырып, қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қамқор орта қалыптастыруға серпін береді.

Құрылыс, Шымкент, оңалту орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 20:13

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!