Тоқаев Грузия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

19:55, 26 мамыр 2026

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 26 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатта достық пен өзара құрметке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Грузия халқына бақ-береке тіледі".

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!