Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының отырысында түркі тілдерінің әліпби үлгісі мақұлданды
© Сурет: Facebook/Түркі Академиясы
2024 жылдың 11 қыркүйегінде Бакуде Халықаралық Түркі академиясы мен Түрік тілі қоғамы бірлесіп ұйымдастырған Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы нәтижелі өтті. Онда 34 әріптен тұратын түркі тілдеріне ортақ әліпби нұсқасы таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық Түркі академиясының мәліметінше, аталған жиынның негізгі мақсаты – екі жылдық бірлескен жұмыс нәтижесінде жинақталған білім мен тәжірибені пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби үлгісін әзірлеу болды.
"Жиында 1991 жылы ұсынылған латын қарпі негізіндегі "Ортақ түркі әліпбиі" жобасы қарастырылып, 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі келісілді. Әр әріп түркі тілдерінде кездесетін әртүрлі фонетикалық дыбысты білдіреді. Ортақ түркі әліпбиінің дамуы түркі халықтарының тілдік мұраларын сақтай отырып, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етеді", делінген академия хабарламасында.
Айта кетсек, Халықаралық Түркі академиясына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия кіреді. Ал Өзбекстан мен Мажарстан - бақылаушы елдер қатарында.
Айта кетсек, бүгін, 11 қыркүйекте Мемлекет басшысы Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:28, 13 қазан 2024
Данилина мен Хромачева жұбы Ухандағы WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды
-
14:14, 13 қазан 2024
Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті
-
13:56, 13 қазан 2024
Анталияда әуежайда қону кезінде ұшақтың доңғалағы жұлынып кетті
-
13:56, 13 қазан 2024
Анталия әуежайда қону кезінде ұшақтың доңғалағы жұлынып кетті
-
13:45, 13 қазан 2024
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды