«Тұман түсіп, боран соғады». Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

22:26, 9 желтоқсан 2024

© Сурет: pixabay

Синоптиктер 10 желтоқсанда Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

10-12 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда да кей уақыттарда тұман болады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда да күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні -15-20 м/с. Астанада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының шығысында тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда да оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында соққан желдің екпіні -15- 20 м/с. Шымкентте, сондай-ақ Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер 10 желтоқсанда қай өңірлерде қар жауатынын болжағаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!