Тұман, найзағай, бұршақ - 17 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

09:35, 17 сәуір 2019

Синоптиктер сәрсенбі, 17 сәуір күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болып, тек солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, көктайғақ, желдің күшейіп, оңтүстікте дауыл көтерілуі мүмкін.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз – найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Қарағанды обласының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз – көктайғақ болуы ықтимал.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 18-23 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түркістан облысында кей жерлерде найзағай болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан ​​облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін көтеріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!