Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

09:04, 18 наурыз 2026

© Сурет: ҚР ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды.

Анықталғандай, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы "жалақысы жоғары жұмыс" туралы жарнама таратқан.

Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан. Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған.

Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды.

Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды.

Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!