Трамптың жақтасы Чарли Керкті өлтірді деген күдікке ілінген адамның аты-жөні белгілі болды
© Сурет: wikipedia/Чарли Кирк
Америкалық консервативті белсенді Чарли Кёрктің өліміне күдікті ретінде Юта штатының 22 жастағы тұрғыны Тайлер Робинсон танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты New York Post басылымы құпия дереккөздерге сілтеме жасай отырып таратты.
"Бұл – Юта штатының 22 жастағы тұрғыны Тайлер Робинсон", – делінген ақпаратта.
АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, күдікті жақындарының бірі тарапынан құқық қорғау органдарына тапсырылған.
"Оны өте жақын адамы ұстап берген", – деді АҚШ президенті Fox & Friends бағдарламасында.
Трамптың айтуынша, күдіктінің әкесі бұл ақпаратты құқық қорғау органдарымен байланысы бар діни қызметкер арқылы жеткізген.
Чарки Кирк Трамптың ең сенімді серіктерінің бірі әрі ықпалды жастар белсендісі ретінде танылған. Ол 10 қыркүйек, сәрсенбі күні Юта университетінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз адам тарапынан атылып, қаза тапты. Күдіктіні ұстауға көмектескендерге ФБР сыйақы жариялады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 4 қыркүйек 2026
Ерлан Қарин: Құрылтайдағы ашық әрі тұрақты диалог – тиімді жұмыстың кепілі
-
22:45, 4 қыркүйек 2026
Ерлан Қарин: Саяси жүйенің жаңару үдерісі Құрылтайдан басталады
-
22:08, 4 қыркүйек 2026
Тоқаев Италия үкіметінің басшысы Джорджа Мелониді құттықтады
-
21:34, 4 қыркүйек 2026
«25 алтын медаль...». Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
-
21:23, 4 қыркүйек 2026
Алматыда полицейдің қытығына тиген ер адам қамауға алынды





