Доптың соңынан барған: Астанада жеті жасар бала құтқарылды

10:02, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568342

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Астананың Байқоңыр ауданында аулада ойнап жүрген жеті жасар баланың добы жертөлеге жарық түсіретін ойықтың қоршауына түсіп кеткен. Допты өзі алмақ болған бала темір тордың арасына қысылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары арнайы құралмен тордың темір шыбықтарын кесіп, баланы абайлап босатты.

Баланың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмады.

Бұған дейін Есілден бір баланың санитариялық авиация тікұшағымен Көкшетауға жеткізілгені хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!