Төтенше жағдайға байланысты декларация тапсыру мерзімдері ұзартылды

15:27, 19 наурыз 2020

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, ол 30 күнтізбелік күнге, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚҚ Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда, ол үшін салық есептілігі нысандарын электронды түрде тапсыру қажет.

Осылайша, 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылған электронды декларациялар уақытында табыс етілген болып саналады.

Бұл ұзартулар келесі салық есептілігінің нысандарына қатысты қолданылады:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);

2) жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);

3) жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысан);

4) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);

5) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан);

6) жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);

7) тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 нысан);

8) бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысан).

МКК төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында "Біз туралы"/ "Халықпен жұмыс"/ "Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары" жолы бойынша, сондай-ақ http://kgd.gov.kz/sites/default/files/telefonnye_nomera_kc.docx сілтемесі бойынша тізімде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша пайдалануға кеңес береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!