Колумбияда автобус жардан құлады: қаза тапқандар арасында бала бар

14:46, 4 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Жергілікті биліктің хабарлауынша, автобус жардан құлап, кем дегенде 13 адам қаза тауып, 18 адам жараланған. Колумбия билігі қаза тапқандар арасында 12 жастағы қыздың бар екенін растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

42 жолаушысы бар автобус Кали қаласынан Эквадормен шекарада орналасқан Ипиалес қаласына бет алған, деп жазады El Tiempo басылымы.

Куәгерлердің айтуынша, жаралылардың біразы жолға шығып үлгерген. Олар жедел жәрдем көліктерінің келуін қиналып күтті. Зардап шеккендер автобустың мыжылған қаңылтырға ұқсайтынын атап өтті.

Елдің көлік министрі Мария Констанца Гарсия әлеуметтік желіде: "Жүргізуші рульді басқара алмай, автобус жолдан шығып кеткен сияқты", — деді.

Ұлттық полицияның транзит және көлік директорының орынбасары Хайме Риос құрбандар арасында 12 жасар қыздың бар екенін айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік ақаулы болған.

Бұған дейін Тайландта туристер мінген автобустың ауыр жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!