Тоқаев Урсула фон дер Ляйенмен кездесті
© Фото: zakon.kz
«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесуде экономиканың түрлі секторындағы, цифрландыру және инновация салаларындағы Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланды.
Тараптар Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімге келу үдерісі басталғанын оң бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім Қазақстан мен Еуропа Одағының ықпалдастығына негіз болып отырғанын жеткізді.
Қарым-қатынасты одан әрі тереңдететін төрт басым бағытты атады:
- энергетика,
- инфрақұрылым және өнеркәсіп жобалары,
- көлік-логистика желілерін кеңейту,
- цифрлық инновация, озық технологиялар мен жасанды интеллект.
Урсула фон дер Ляйен көлік-логистика саласындағы, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді жобаларды іске асырудың маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда сирек кездесетін металдардың ірі кен орнының табылуымен құттықтады.
Тараптар:
- С5+ЕО аясындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты;
- өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 9 сәуір 2025
Спорттық гимнастикадан Хорватияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
22:01, 9 сәуір 2025
Астана маңында балабақшаға бала таситын автобус апатқа ұшырады
-
21:48, 9 сәуір 2025
21 жасқа толмаған қазақстандықтарға ресми келісімсіз несие берілмейді
-
21:33, 9 сәуір 2025
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтірген ер адам 22 жылға сотталды
-
21:02, 9 сәуір 2025
Тоқаев Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Танымал жаңалықтар
-
12:21, 9 сәуір 2025
-
13:13, 9 сәуір 2025
-
12:45, 9 сәуір 2025
-
13:03, 9 сәуір 2025
-
09:53, 9 сәуір 2025
-
09:02, 9 сәуір 2025
-
14:19, 9 сәуір 2025
-
11:12, 9 сәуір 2025
-
11:42, 9 сәуір 2025
-
09:39, 9 сәуір 2025
-
09:13, 9 сәуір 2025
-
09:26, 9 сәуір 2025
-
11:11, 9 сәуір 2025
-
10:46, 9 сәуір 2025
-
13:45, 9 сәуір 2025