Тоқаев Торғай өңіріне ерекше назар аудару қажеттігін айтты
© Фото: zakon.kz
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы тағы қай өңірге баратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент бұл жоспарын 16 қыркүйекте Зеренді ауданында өткен төрт облыс аграрийлерімен жиында бөлісті.
"Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын. Президент алдымен өңірдегі астық жинау науқанының барысымен танысты. Кейін Зеренді ауданындағы кеңесте Ақмола облысына сапарының басты мақсатын атап өтіп, бүкіл ел аграрийлеріне үндеу жасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 10 шілде 2026
Қазақстанның бес өңірінде бір күнде 5 орман өрті тіркелді
-
22:53, 10 шілде 2026
Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында 6-орын алды
-
22:43, 10 шілде 2026
Қазақстан волейболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысады
-
21:59, 10 шілде 2026
Алматыда үстіне ағаш құлаған 19 жастағы бойжеткен көз жұмды
-
21:22, 10 шілде 2026
Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады





