Тоқаев соңғы жеті жылдағы Қазақстанның негізгі көрсеткіштерін атады
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясындағы сөзінде жеті жылда Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік саласында бірқатар көрсеткіштің өскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, осы кезеңде ел азаматтары жүргізілген реформалардың нәтижесін көріп отыр.
"Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жетті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асқанын атап өтті. Оның айтуынша, осы кезеңде Қазақстан экономикасына 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған.
Сонымен қатар шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асқан.
Тоқаев тұрғын үй құрылысына да тоқталды. Оның мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынады.
Білім беру саласында 2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынған.
Президент азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жеткенін айтты. Сондай-ақ осы кезеңде 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылған.
Инфрақұрылым саласында 35 мың шақырымнан астам автомобиль жолы салынған және жөнделген.
"Мұның бәрін тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш деуге болады", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:37, 24 қыркүйек 2026
Әрбір адамның өз үйін, ауылын, қаласын көркейтуге белсене атсалысқаны абзал – Президент
-
12:34, 24 қыркүйек 2026
Тоқаев: таза әрі тиянақты орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз
-
12:32, 24 қыркүйек 2026
Тазалық пен тәртіпті сақтау мәселесі әрдайым басты назарда болуы керек – Президент
-
12:30, 24 қыркүйек 2026
Президент жалған қоғамдық бірлестіктер туралы деректер құқық қорғау органдарына жолданатынын айтты
-
12:28, 24 қыркүйек 2026
Тоқаев: Елімізге популистер мен мансапқорлар емес, өз ісінің майталмандары қажет





