Тоқаев: таза әрі тиянақты орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында қоршаған ортаны қорғау, елді көгалдандыру және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы тазалық пен тәртіп әрдайым басты назарда болуға тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық қозғалысы арқылы қоғамның табиғатқа және айналасына деген көзқарасы өзгеріп келеді.
"Табиғатқа немқұрайлы қарауға, бейқам болуға, бұл мәселеде ешқандай қатігездікке жол беруге болмайды. Адам мен табиғат – егіз. Біз қоршаған ортаға қамқор болуымыз керек", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың сәулеті мен келбетінен халықтың мәдениеті мен құндылықтары көрінетінін атап өтті. Оның айтуынша, елдің таза әрі тартымды болуы азаматтардың көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайына әсер етіп, экономикалық өсімге де ықпал етеді.
"Сондықтан елімізді жаппай көгалдандыру, тазалықты сақтау, заң мен тәртіпті бұзбау – мемлекеттік маңызы бар міндеттер. Біз бір күннің қамы үшін емес, болашақ ұрпақтың жарқын болашағы үшін осы жұмыспен белсенді түрде айналысуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:33, 24 қыркүйек 2026
Алматы облысында ер адам сталкинг үшін сотталды
-
13:21, 24 қыркүйек 2026
Тоқаев: Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадымызды жаңғырту – маңызды міндет
-
13:18, 24 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы жазушыларды қала тақырыбына көбірек шығарма жазуға шақырды
-
13:10, 24 қыркүйек 2026
Орталықтар мен колониялардағы азаматтардың төлемдері: министрлік өзгерісті түсіндірді
-
13:07, 24 қыркүйек 2026
«Әрдайым халықпен тікелей байланыста болуларыңыз керек»: Президент Халық Кеңесінің мүшелеріне үндеу жасады





