Президент жалған қоғамдық бірлестіктер туралы деректер құқық қорғау органдарына жолданатынын айтты
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында тек қағаз жүзінде жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерді сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, оған бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктің іс жүзінде қызмет атқармайтыны, атауынан басқа түгі жоқ жалған құрылымдар екені баяндалған.
"Мұндай ұйымдар азаматтар мүддесін қорғау үшін емес, басқа пиғылда, берісін айтсақ, мансапқорлық мақсатта құрылғаны анық. Бұл кейбір жағдайда алаяқтыққа дейін жетті. Оған жол беруге болмайды. Сондықтан мұндай фактілер құқық қорғау органдарының назарына жолданады", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев тек мемлекеттік тапсырысты игеру мақсатында құрылған ұйымдардың жұмысына тосқауыл қою қажет екенін атап өтті.
Президенттің сөзінше, Халық Кеңесі қоғамға ұйытқы болуға тиіс. Қазір елде консультативтік-кеңесші органдар көп болғанымен, олардың басым бөлігінің қызметі шашыраңқы және бірін-бірі қайталайды.
"Олардың жұмысын үйлестіріп, сараптамалық әлеуетін біріктіру және келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу Халық Кеңесіне жүктеледі", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:33, 24 қыркүйек 2026
Алматы облысында ер адам сталкинг үшін сотталды
-
13:21, 24 қыркүйек 2026
Тоқаев: Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадымызды жаңғырту – маңызды міндет
-
13:18, 24 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы жазушыларды қала тақырыбына көбірек шығарма жазуға шақырды
-
13:10, 24 қыркүйек 2026
Орталықтар мен колониялардағы азаматтардың төлемдері: министрлік өзгерісті түсіндірді
-
13:07, 24 қыркүйек 2026
«Әрдайым халықпен тікелей байланыста болуларыңыз керек»: Президент Халық Кеңесінің мүшелеріне үндеу жасады





