Тоқаев Пашинянға тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

16:33, 1 маусым 2020

Қазақстан Президенті Армения Премьер-министріне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Армения Премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін" деп жазды Президент Твиттерде.

Алдында Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Facebook-те өзінен және отбасынан коронавирус диагнозы расталғанын хабарлап, жазба жариялаған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!