Тоқаев қызмет бабында көз жұмған полиция қызметкеріне награда тағайындады

12:53, 20 қаңтар 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында қаза тапқан полиция қызметкері Дархан Базарбаевты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградтау туралы Жарлыққа қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі, марқұм Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын" делінген Ақорда жариялаған ресми хабарламада.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қайғылы оқиға 19 қаңтарда орын алды. Тобыл қаласындағы пышақпен отбасына қоқан-лоқы көрсеткен мас ер адамды құрықтау кезінде полиция көз жұмды. Оның жүрек тұсына пышақ тиген. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдемдегілер оның өлімін тіркеді. Марқұмның артында жас әйелі және төрт айлық ұлы қалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, яғни "Қызмет бабындағы адамды өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!