Тоқаев ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қол қойды

18:08, 29 маусым 2020

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кодексті ҚР Әділет министрлігі және ҚР Жоғарғы Соты әзірледі. Бұл - біздің құқықтық жүйеге арналған жаңа құжат.

Сот ісін жүргізуге тың серпін беретін бұл құжаттағы басты ерекшелік - енді дәлелдемелер жинау процесінде сот өте белсенді болады. Сот өз бетінше дәлелдер жинай отырып, даудың тиісті мән-жайларын анықтауға міндетті. Сондай-ақ сот актілерінің орындалуына сот бақылауы институты енгізілуде.

Атап айтқанда, соттар олардың талаптарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету үшін процессуалдық мәжбүрлеу нысаны ретінде ақшалай айыппұлдарды (100 АЕК-ке дейін) бірнеше рет қолдануы мүмкін.

Кодексте 75 заңнамалық актіге түзетулер енгізу қарастырылған, оның 10 шақтысы жекелеген кодекстер.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!