Тоқаев: Климат жөніндегі төтенше жағдай – жаһандық дағдарыс
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 1 желтоқсанда Dubai Expo City көрме орталығындағы Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде жаһандық дағдарыс жайына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы климатты қорғау жөніндегі іс-қимылдарға тың серпін беру мақсатында БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өткізу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
"Климат жөніндегі төтенше жағдай – жаһандық дағдарыс. Оған бүкіл әлем болып төтеп беру қажет. Бәріміз Жер шарын сақтауға және баршаға ортақ орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Қазақстан ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шеше алатынымызға кәміл сенеді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Айта кетсек, 2023 жылы 30 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөзі алды. "Қазіргі геосаяси тұрақсыздық және энергетикалық қауіпсіздіктің болмауы да климат мәселесіне назар аударуды қиындатып отыр", - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ саммитте Мемлекет басшысы алдағы онжылдықта оңайшылықпен қол жете бермейтін маңызды минералдарды атады. Қазақстанның Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылатыны белгілі болды. Сондай-ақ аталған саммитте Президент Қазақстан Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақыратынын жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Ресейлік туристке Таиландқа шамамен 100 жылға кіруге тыйым салынды
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Иранда «ақырзаманның бір белгісі» көрінді - бейнежазба
-
11:52, 19 желтоқсан 2025
WTA барлық санаттағы жылдың үздік турнирлерін атады





