Тоқаев Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция бизнес капитандарының алдында сөйлеген сөзінде экономикалық ынтымақтастықты қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің басты факторы ретінде атады.
"Біз Францияның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Францияның аталған аймақпен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі. Биыл екіжақты сауда айналымы 45 пайызға ұлғайды. Біз бұл үдерістің сақталғанын қалаймыз. Сондай-ақ Франциядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 15 пайызға артып, 900 миллион долларға жуықтады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 200-ден астам француз кәсіпорны, соның ішінде Total, Alstom, Orano, Danone, Vicat, Airbus секілді танымал компаниялар жұмыс істейді", - деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстан экономиканы трансформациялау жөнінде өршіл міндет қойғанын айтты. Бұл мақсатқа жету үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) халықаралық стандарттары мен қағидаттарына сәйкес ауқымды саяси-экономикалық реформалар жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:13, 6 қараша 2024
Тоқаев Макронды Қазақстанға тағы шақырды
-
23:04, 5 қараша 2024
Тоқаев Родольф Саадты қабылдады
-
22:54, 5 қараша 2024
Ақтөбе облысында екі адам балшыққа батып қалды
-
22:43, 5 қараша 2024
Тоқаев Франциядағы атом өнеркәсібі көшбасшысы саналатын компанияның президентімен кездесті
-
22:25, 5 қараша 2024
Тоқаев EDF компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады