Тоқаев «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама ұсынды

17:01, 14 наурыз 2025

© Фото: pexels

2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан балалары" атты біртұтас бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Былтыр мектептерде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы қолға алынды. Бағдарламаны қабылдау – істің басы ғана. Енді жаңарған құжатты еліміздегі барлық мемлекеттік білім ошағына енгізу керек. Бұл құжатты алдағы уақытта жекеменшік мектептер де басшылыққа алуға тиіс. Себебі тәрбие жұмысы балаларды түгел қамтуы қажет. Сонда ғана бұл бастама жалпыұлттық ауқымға ие болады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Мұның бәрі – адал азаматқа тән қасиеттер, деп атап өтті президент.

Құрылтай мүшелері алдағы уақытта осы бағдарламаны "Адал азамат" деп атауды ұсынып отыр. Мен бұл ұсыныспен толық келісемін". Мемлекет басшысы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!