Тоқаев Қарағанды облысына келді

12:21, 20 қазан 2021

© Сурет: facebook.com / Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады", деп жазды Берік Уәли.

Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған "Өркен" мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне барады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!