Елімізде мұғалімдердің өз оқушыларына ақылы түрде қосымша сабақ беруіне тыйым салынуы мүмкін
© Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 26 мамырда Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мектеп мұғалімдеріне ақылы қызмет түрін ұсынуына тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр "Білім туралы" ҚР заңына енгізілмек түзетулер мен өзгерістер жайынан ақпарат ұсынды.
"Министрлік репетиторлық орталықтардың жұмысына, олардың салық салымына, сондай-ақ балалар мен ата-аналар алдындағы жауапкершілігіне қатысты бірқатар түзетулер енгізгелі жатыр. Сондай-ақ біз мұғалімдерге өз оқушыларына ақылы негізде қосымша сабақтар беруге тыйым салуды да қарастырудамыз", - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның айтуынша, мұғалімдер онсыз да баланы оқытқаны үшін жалақы алады.
"Менің ойымша, әр мұғалім үшін бұл - этика мәселесі. Тыйым салу мәселесі әлі де талқыланып, жан-жақты қарастырылатын болады. Мемлекет баланы оқытуға жеткілікті қаражат бөледі. Бұл балаға сапалы білім беру - мұғалімнің міндеті", - деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 26 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында "ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған талапкерлердің нәтижесі қайта тексеріле ме" деген сұраққа жауап берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:22, 26 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Чжао Лэцзиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
-
18:12, 26 мамыр 2026
Мемлекет басшысы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасын қабылдады
-
17:57, 26 мамыр 2026
«Шұғыл жарыққа, газға, суға ақша төлеңіз!». Ел азаматтарына жаппай SMS жолдап жатқан кімдер
-
17:42, 26 мамыр 2026
Қазақстанда 1-сыныпқа өтініш қабылдау жаңа платформада жүзеге асырылмақ
-
17:29, 26 мамыр 2026
Қазақстанда екі жоғары оқу орыны лицензиясынан айырылуы ықтимал





