Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.
Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:33, 28 желтоқсан 2024
«Қызыл «толстовка» киіп шыққанда сезіп едім». Ерке Есмахан сүйінші жаңалығымен бөлісті
-
10:52, 28 желтоқсан 2024
Қызылордада полицейлер есірткі притонының көзін жойды
-
10:10, 28 желтоқсан 2024
Елімізде оқушылардың қысқы каникулы басталды
-
09:35, 28 желтоқсан 2024
Жамбыл облысында шөп астынан 100 келі марихуана табылды
-
23:36, 27 желтоқсан 2024
Қостанай облысында жолаушылар мінген шағын автобус жолда қалып қойды