Тоқаев елді газбен қамту мәселесін көтерді

© Сурет: pixnio
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес-қоғамдастықтардың басшыларымен өткен кездесуде ішкі нарықты газбен қамтуға басымдық беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өндірістің негізгі факторларына: жерге, инфрақұрылымға, электр энергиясына қол жеткізу проблемасы сақталуда. Мұнда жеке таныстық шешуші рөл ойнайтынын сіздер жақсы білесіздер. Соңғы шақырым деп аталатын мәселе бар. Сөз тұйықталған темір жол, разъездер, эстакадалар туралы болып отыр. Біз бұл мәселені шешуге бірнеше мәрте ұмтылдық, бірақ әр кезде ведомство мен жеке мүдделердің мысы басым болды. Үкімет пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік осы мәселенің нүктесін қоюы тиіс. Қолжетімділік жедел, толыққанды әрі ашық болуы тиіс. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, телекоммуникация нарығы, фармацевтика және басқа да салаларда тәртіп орнатуы тиіс.
Жаңа өндірістерді ынталандыруда табиғи газбен жабдықтау ерекше маңызға ие. "Самұрық-Қазына" мен оның газ бөлімшелерін реформалау шеңберінде ішкі нарыққа газ жеткізуге басымдық берілу керек. Енді кәсіпкерлер ғана емес, өңірлердің әкімдері Үкіметке, тіпті маған да индустриялық жобаларды іске асыру үшін газ бөлу туралы өтінішпен жүгінеді. Ал газ жоқ. Газды отандық өндірісті іске қосу үшін пайдаланудың орнына экспортқа шығаратын жағдай енді болмайды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 26 мамыр 2022
Маймыл шешегі келесі пандемияны жариялауға түрткі болып жүрмей ме – ДДСҰ жауабы
-
23:36, 26 мамыр 2022
Алимент төлемей жүрген үш қостанайлық қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
22:50, 26 мамыр 2022
Молдованың экс-президенті 30 күнге үйқамаққа алынды
-
22:40, 26 мамыр 2022
Алматы маңында жер сілкінді
-
21:55, 26 мамыр 2022
Екібастұзда балаларына жақтасып, қызыл кеңірдек болған әйелдерге айыппұл салынды