Тоқаев БҰҰ конференциясында Орталық Азия елдерінің павильондарын аралап көрді
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысушы делегация басшылары Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көрермендер ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан экспозициясын тамашалады. Павильонда қонақжайлық пен ырыс-берекені паш ету үшін киіз үй тігілген.
Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды.
Сондай-ақ көрмеде Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мәдени мұрасы мен меймандос халқының бай рухани қазынасымен танысуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:49, 19 шілде 2026
Александр Шевченко Гштаадтағы ATP 250 турнирінің жартылай финалында тоқтады
-
10:02, 19 шілде 2026
Мбаппе әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Мессидің рекордын жаңартты
-
09:15, 19 шілде 2026
«Қазгидромет» Алматы және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады
-
17:15, 18 шілде 2026
Астанада полицейлер жоғалған 6 жасар баланы жедел тауып, ата-анасымен қауыштырды
-
16:55, 18 шілде 2026
Алдағы үш күннің ауа райы: қай өңірде аптап, қайда жаңбыр жауады





