Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді: Астанаға үш президент келеді
© Фото: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 29 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорттық турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.
"29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін жарысқа 34 елден 800-ден астам спортшы қатысады", – делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.
Сондай-ақ ашылу салтанатына:
- Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев;
- Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров;
- Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысатыны хабарланды.
2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада әлем назарын аударатын ауқымды халықаралық "Болашақ ойындары – 2026" спорттық турнирі өтеді. Осыған байланысты елорда полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшеді.
Турнир бойы полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін тәулік бойы қызмет атқарады. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екені ескертілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:33, 29 шілде 2026
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қарау аяқталды
-
12:23, 29 шілде 2026
Эльбруста қаза тапқан альпинистер өздерімен бірге мысығын алып шыққан: жануардың не өлі не тірі екені белгісіз
-
12:16, 29 шілде 2026
29 шілдеде Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы
-
12:03, 29 шілде 2026
Германия Қытай экономикасының осал тұстарын анықтауға кірісті
-
11:56, 29 шілде 2026
Зеленский Ақ үйде Трамптың өзін қалай қарсы алғанын айтып берді





