Қазақстандағы жүк тасымалы бойынша Шымкент көш бастап тұр

12:53, 15 қараша 2024

© Фото: freepik

2024 жылы жүк айналымы еліміз бойынша едәуір өскен. Әсіресе оңтүстіктегі статистика көз қуантарлық, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы қаңтар-қазанда Республика көлігімен 883,4 млн.тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 8,9%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы кезеңде жүк айналымы 422,6 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,6%-ға өсті).

Қазақстандағы жүк тасымалы бойынша Шымкент көш бастап тұр , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2024 12:53

Сурет: stat.gov.kz

Айта кетейік, көрсеткіштер көліктің барлық түрі бойынша өскен.

Аталмыш кезеңде, құбыр көлігі бойынша 244,6 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 7,2%-ға артық).

Ал, темір жол көлігімен 352,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 2,2%-ға ұлғайды, 17,6 млн. жолаушы тасымалданды.

Әуе көлігімен 12,3 млн. жолаушы тасымалданды, 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға ұлғайды.

Автомобиль көлігімен жүктасымалдау 19,8%-ға ұлғайды.

Теңіз көлігі арқылы 2,4 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтарқазанмен салыстырғанда 2,2 есеге ұлғайғаны байқалады.

Енді өңірлік бөлініске келетін болсақ, Шымкент қаласы ешкімге дес бермей тұрғанын анық аңғаруға болады. 2024 жылы жүк айналымының өсуі Шымкент (29,0%), Астана (24,2%), Алматы (21,7%) қалаларында және Павлодар (14,1%), Жамбыл (6,1%), Атырау (3,7%),Маңғыстау (1,6%) және Қызылорда (0.5%) облыстарында байқалады.

Қазақстандағы жүк тасымалы бойынша Шымкент көш бастап тұр , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2024 12:53

Сурет: stat.gov.kz

Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (18,6%), Астана (15,4%) қалаларында және Маңғыстау (72,7%), Алматы (65,2%), Ұлытау (36,1%), , Жамбыл (18,8%), Павлодар (14,2%), Атырау (12,1%), Қостанай (10,8%), Қызылорда (4,8%), Ақмола (3,2%), Батыс Қазақстан (2,5%), Ақтөбе (2,4%) және Қарағанды(1,3%) облыстарында ұлғайды.

Бұған дейін Ұлттық Банктің жаңа алтын монетаны таныстырғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!