Тоқаев Бавариямен технология, энергетика және инвестицияны талқылады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Бавария Премьер-министрінің орынбасары – Экономика, өңірлік даму және энергетика министрі Хуберт Айвангермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны және Мюнхенде технологиялық форум өткізуге қолдау көрсеткені үшін Хуберт Айвангерге алғыс айтты.
Кездесуде Қазақстан мен Бавария компаниялары арасындағы тікелей іскерлік байланысты нығайту және технологиялық серіктестікті кеңейту перспективасы талқыланды.
Германия аймақтарының арасында Бавария Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі саналатыны аталып өтті.
Мемлекет басшысының пікірінше, сауда-саттықты ұлғайту, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру бағыттарында әлеует жеткілікті.
Хуберт Айвангер Бавария бизнесінің өзара тиімді кооперацияны дамытуға айрықша қызығушылық танытатынын жеткізді. Оның пікірінше, екі ел экономикасының өзара үйлесімділігі – Бавария компаниялары үшін үлкен мүмкіндік.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуберт Айвангер жоғары технология, өнеркәсіп, энергетика, инновация және өңірлік даму салаларындағы ынтымақтастыққа баса назар аударды.
Сонымен қатар Қазақстан мен Бавария ықпалдастығының мазмұнын арттыруға ниетті екенін растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 30 қыркүйек 2026
Алматыда жыл басынан бері 52 нысан бұзылды
-
20:02, 30 қыркүйек 2026
Тоқаев «Бавария» ойыншыларының қолы қойылған жейдені сыйға алды
-
19:54, 30 қыркүйек 2026
Тоқаев Бавария премьерін Қазақстанға шақырды
-
19:48, 30 қыркүйек 2026
Жел, өрт қаупі: 1 қазанда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:20, 30 қыркүйек 2026
Алматыда 9 жастағы балаға қатысты жыныстық зорлық фактісі тергеліп жатыр





