Тоқаев ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президентіне министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды.
Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.
Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:38, 26 сәуір 2024
Қызылордада медицина саласының қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді атсалысты
-
12:23, 26 сәуір 2024
Қостанай облысының прокуратурасында бірқатар тағайындаулар жүргізілді
-
11:43, 26 сәуір 2024
Неліктен Балқаш көлінде су деңгейі күрт көтерілді
-
11:17, 26 сәуір 2024
26 сәуірдегі Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
10:59, 26 сәуір 2024
Астана мен Алматыда субұрқақтар қашан іске қосылады