Тоқаев «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қойды
© Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 8 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында қаулы етемін:
- Қоса беріліп отырған "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары" (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметі:
- Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
- жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын", делінген Президент Жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жоспарда мына салаларға қатысты нақты тапсырмалар белгіленген:
- әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою;
- ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету;
- бірлестік бостандығы құқығы;
- мүгедек адамдарға қатысты адам құқықтары;
- адамның қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың жазасы мен алдын алу және қатыгез қарым-қатынас саласындағы құқықтары;
- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
- көшіп-қонушыларға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары;
- БҰҰ органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
- еңбек етуге, еңбекті қорғауға және кәсіподақтың қызметіне құқық;
- кәсіпкерлік қызметтегі адам құқықтары.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





